Қазақстан «Талибан» қозғалысын ресми түрде мойындамады, бірақ тәліптер Кабулдағы қазақстандық дипломатиялық миссияны күзетіп отыр. Бұл туралы Қазақстанның Сыртқы істер вице-министрі Ақан Рахметуллин мәлімдеді.
«Кабулдағы біздің елшіліктің мәліметінше, талибандықтар Кабулды басып алған уақытта кейбіреулері біздің елшілік орналасқан ғимаратқа кірген. Біздің елші сыртқа шығып, олармен сөйлескен. Олар: «Кімсіздер? Қандай елшілік?» деп сұраған. Біздікілер бұл Қазақстанның елшілігі деп жауап берген. Олар: «Қорықпай жұмыс істей беріңдер, сіздер біздің қорғауымыздасыздар, – деп жауап берген. Содан бері олар біздің елшілікті күзетіп отыр», – деді Ақан Рахметуллин. Вице-министр сонымен бірге Қазақстан әлі «Талибан» қозғалысын мойындамағанын айтты. «Біз ешбір ел талибандықтармен дипломатиялық қарым-қатынасты мойындады немесе орнатты деп айта алмаймыз. Бәрі олардың әрекеттері мәлімдемесіне сәйкес келетінін және олардың келіссөзге қаншалықты бейім екенін бақылап отыр», – деді ол.М.БАҚЫТЖАН