Той өткізуге рұқсат па?
Той өткізуге рұқсат па?
109
оқылды

«Атамекен» ҰКП Ashyq қосымшасы арқылы «жасыл» мәртебесі бар қазақстан­дықтарға той өткізуге рұқсат беруді ұсынды. Сондай-ақ «қызыл» аймақта Ashyq жобасының қатысу­шыларына сенбі күні сағат кешкі онға дейін, ал Ashyq жобасының лидерлеріне түн ортасына дейін жұмыс істеуге рұқсат беру туралы ұсыныс тастады.

Сондай-ақ Ұлттық кәсіпкерлер пала­тасы 21 тамыздан бастап Қара­ғанды облысы әкімдігінің бастама­сы бойынша Қарағанды қаласында COVID-free пилотын іске қосу, яғни «жасыл» статусы бар келуші­лер үшін қоғамдық тамақтану орындарына сағат 02.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат беруді сұрап отыр. «Жасыл» статусы бар қазақстандықтар үшін той өткізуге рұқсат ету қаулы негізінде болуы тиіс. Іс-шараны алдын ала тіркеу бойынша және барлық персонал вакцина салдырған мекемеде 100 адамға дейін бас қосуды ұсынады. Осы арқылы олар кәсіпкерлердің тығылып әрекет етуінің жолын кесуге септігін тигізеді. Өйткені тығылып той жасай­тындардың көптігі пандемиямен күресуде оң нәтиже бермей отырған көрінеді.

Н.ЕРЖАН