Полицейлер мотоциклмен жүретін болды

Полицейлер мотоциклмен жүретін болды

Енді Алматы қаласының полицейлері мотоциклмен жүреді. Бұл туралы қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Бұған дейін жеке құрам мото­көлікті тізгіндеудің арнайы оқуы­нан өтті. Бұл мотоциклдер, тәртіп сақ­шы­ларының айтуынша, өздерінің мобильді болуына мүмкіндік бере­ді, оқиға орнына келуді тездетеді және мегаполис жолдарындағы жағдайды жақсартуға көмектеседі», − дейді полиция. Осыған орай патрульдік поли­ция мен жергілікті полиция қыз­метінің мамандандырылған бата­льонына қарбалас уақытта жол қозғалысының қауіпсіздігін қамта­масыз ету, кептелісті реттеу және жол-көлік оқиғасы болған жерге тез жету үшін 20 КТМ мотоциклі алынды.

Н.ЕРЖАН