«Астана» шабандозы алғашқы ондыққа енді
«Астана» шабандозы алғашқы ондыққа енді

Велоспорттан «Испания Вуэльтасы» бәсекесінің кезекті күні қазақстандық «Ас­та­на» клубы үшін сәтті болды. Спортшылар 6-кезеңде 158 шақырымды бағындыр­ған болатын. Бұл сында да­ния­лық Магнус Корт Нильсен топ жарды. Ал «Астана» сапындағы Александр Власов одан 4 секундқа қалып, мәре сызығын төртінші болып кесті.

Осы нәтижесінің арқасында Власов жалпы есепте 6-сатыға көтерілді. Сондай-ақ қазақстан­дық клубтың өзге өкілдері, яғни Алекс Аранбуру 15, Луис Санчес 37-ші болып мәрені кесті. Соның арқасында командалар арасын­дағы тізімде «Астана» әзірге үшінші орында тұр. Алда әлі 15 кезең бар. «Испания Вуэльтасы» 5 қыркүйекке дейін жалғасады.

 М.ТӨЛЕУ