Жас балуандар қос қола медаль алды
Жас балуандар қос қола медаль алды
123
оқылды

Әйелдер күресінен қазақ­­стан­дық қос балуан жастар арасындағы Әлем чемпионатында қола жүл­дені жеңіп алды.

16-22 тамыз аралығында Уфа­да (Ресей) күрес түрлерінен жастар арасында Әлем чем­пионаты өтіп жатыр. Оған әлем­нің 52 елінен 500-ден астам бал­уан қатысып жатыр. Соның ішінде 76 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен Дильназ Муль­кинова мен Мадина Аман (59 келі) үздік үштікке енді. Мадина Аман кіші финалда венгриялық Анна Шеллден басым түсті. Ал Дильназ моңғол балуаны Одбог Улзитбатты уақы­тынан бұрын жеңіп, кезекті қоланы қоржынға салды.

    Айбике ЖАНАСЫЛ