Отандық каскадерлер Голливуд актерімен киноға түсті

Отандық каскадерлер Голливуд актерімен киноға түсті

Nomad Stunts тобының каскадерлері Голливуд актері Сэмюэл Л.Джексонмен бірге фильмге түсті.

Қазір әлемдік прокатта Сэмюэл Л. Джексон, Мэгги Кью және Майкл Китон ойнайтын «Киллер кодексі» фильмінің көрсетілімі  жүріп жатыр. Айта кетерлігі, фильмге отандық Nomad Stunts тобының 10 каскадері қатысқан. Фильм режиссері – «Казино Рояль», «Маска Зорро», «Иностранец» фильмдеріндегі жұмысымен танымал Мартин Кэмпбелл. Nomad Stunts халықаралық каскадерлер тобының негізін қалаушы және жетекшісі Жайдарбек Күнғұжиновтің айтуынша, түсірілімге қатысу туралы ұсыныс 2019 жылдың соңында түскен.  Олар  фильм үйлестірушісі мен режиссер сұранысына сәйкес келетін сегіз жігіт пен екі қызды таңдап алған. Сөйтіп, 2020 жылғы ақпанда Румынияда болған түсірілімге біздің каскадерлер ұшып барған. Олар онда шамамен екі ай тұрақтап, бір ай дайындыққа, монтажға, жаттығуларға, екіншісі  жартысын түсірілімге арнаған. Nomad Stunts каскадерлері тек түсірілімге қатысып қана қоймай, кейіпкерлерді дубляж­дап, сонымен қатар эпизодтық көріністерге актер ретінде қатысқан. «Жігіттердің көпшілігінің актерлік тәжірибе­сі бар. «Киллер кодексі» жобасы пандемияға дейін басталды. Кейін үзіліс болды, бірақ қазір біз жұмысты жалғастырамыз. Біздің үш каскадер дайындалып жатыр, жақында олар ұшып кетеді. Жалпы жоспар көп», – деген еді Күнғұжинов. Nomad Stunts халықаралық кәсіби каскадер­лер тобы  Голливуд, Болливуд және Түркияның жетекші студияларымен бірлесіп жұмыс істейді. Олар осыған дейін  «47 ронинов», «Неудержимые 2», «Путь домой» жобасы және Netflix және HBO сериалдарына түскен.

          А.ЖОЛДАС