Әлемдегі ең бай адам белгілі болды
Әлемдегі ең бай адам белгілі болды
Сурет: mc.today
279
оқылды

Әлемнің ең бай адамдары ішінде лидер өзгерді. Рейтингте Amazon негізін салушы Джефф Безос көш бастап тұр.

19 тамыз күні таңертең оның дәулеті 185,9 млрд. долларға бағаланды. Бұл Louis Vuitton мен Dior, LVMH холдингінің иесі Бернар Арноның байлығынан 900 млн. доллар көп. Безостың дәулеті 185,9 миллиардқа бағаланса, Арнонікі - 175,7 млрд. доллар. Арно бірден 19,2 млрд. жоғалтып, антирекорд орнатты. Бұл - дәулетінің шамамен 10 пайызы. Ал Bloomberg  нұсқасы бойынша, бай адамдардың тізімінде Маск көш бастап тұр. Оның дәулеті 188 млрд. долларға бағаланды. Екінші және үшінші орындар Безос пен Арноға тиесілі.