Оралда жұмысшы тоғыз қабатты үйдің төбесінен құлап, көз жұмды
Оралда жұмысшы тоғыз қабатты үйдің төбесінен құлап, көз жұмды
Фото: mgorod.kz
131
оқылды
Оралда тоғыз қабатты үйдің төбесінен құлап кеткен жұмысшы қаза болды. Ер адам бірінші қабаттағы балконның шатырына құлаған, - деп жазады "Мой город" порталы. Қайғылы оқиға 21 тамызда сағат 9.00-де Құрманғазы көшесіндегі №150 үйде болған.
БҚО ТЖД баспасөз қызметі мәліметінше, 40 жастағы ер адам шатырда құрылыс жұмыстарын істеп жүріп абайсызда құлап кеткен. Ол бірінші қабаттағы балконның шатырына құлаған.
"Ер адам ауыр жарақат алып, сол жерде қаза болды", - деді БҚО ТЖД өкілі.