Алматы полицейлеріне мотоцикл берілді. Бұл туралы қалалық ДП баспасөз қызметі мәлім етті, – деп жазады Алматы телеарнасы.
"Патрульдік полиция мен жергілікті полиция қызметінің мамандандырылған батальонына 20 КТМ мотоциклі берілді. Олар жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, кептелісті реттеу және жол-көлік оқиғасы болған жерге тез жету үшін пайдаланылады", – делінген министрлікте.Полиция мәліметінше, қызметкерлер алдын ала мотоцикл жүргізуді меңгерген. Тәртіп сақшыларының айтуынша, бұл мотоциклдер тез әрекет етуге мүмкіндік береді, оқиға болған жерге жетуді тездетеді және мегаполис жолдарындағы жағдайды жақсартуға көмектеседі.