Алматыда Brave Combat Federation 53 аралас жекпе-жек турнирі өтіп жатыр, оған қазақстандық файтер Олжас Есқараев қатысты (9-5). Ол бразилиялық Лукас Мартинспен (20-5) шаршы алаңға шықты, – деп жазады Sports.kz. Аралық салмақтағы (74 келі) жекпе-жек үш раундқа есептелген, бірақ оған жетпеді: жекпе-жек Есқараевтың күтпеген жеңісімен аяқталды. Ринг-анонсер бұл нәтижені Brave CF промоушн тарихындағы ең үлкен апсет деп атады. Осылайша, Олжас Есқараев ММА-да өзінің кәсіби мансабында оныншы жеңісіне жетті, ал Brave CF чемпионы болған Лукас Мартинс алтыншы рет жеңілді.