Санкт-Петербургтік кардиолог-терапевт Сергей Кадин дәрігерге шұғыл көрінуге себеп болатын белгілерді атады, – деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Оның айтуынша, гипертония мен атеросклероздың дамуын бастапқы кезеңінде ғана ұзақ уақытқа тежеуге болады. Мына белгілер байқалған жағдайда дәрігерге баруды кейінге қалдыруға болмайды:- жоғарғы қан қысымы;
- бастың жиі ауыруы, айналуы;
- кеуде қуысындағы ауырсыну, жайсыздық;
- денеге салмақ түскенде әдеттен тыс шаршау немесе ентігу;
- жүректің шалыс соғуы немесе жүрек соғысының себепсіз жиілеуі;
- отбасында ерте (50 жасқа дейін) жүрек-қан тамырлары ауруларыбар адамның болуы;
- 40-тан асқан жас шамасы (спорттық жаттығуларды бастамас бұрын немесе ұзақ сапарлар алдында тексерілу қажет).