Қазақша ас мәзірін сұраған адамды шығарып жіберген даяшы қамалды
Қазақша ас мәзірін сұраған адамды шығарып жіберген даяшы қамалды
Waitress is carrying three plates with meat dish
Ақтауда дәмхана әкімшісі клиентпен болған жанжалдан кейін 10 күнге қамауға алынды, – деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Жанжал 19 маусымда шамамен кешкі сағат 20.15-те болған.
"Дәмханаға келуші мемлекеттік тілдегі ас мәзірін сұраған. Ал мекеме әкімшісі балағат сөздер айтып, оның ұялы телефонын жұлып алып, дәмханадан күштеп шығарып жіберген", – деп хабарлады соттағылар.
Сот қаулысымен дәмхана қызметкері Әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 434-бабының бірінші бөлімі бойынша кінәлі деп танылды. Оған 10 тәулікке әкімшілік қамауға алу түріндегі жаза кесілді. Кодекстің бұл бабы бес айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салуды немесе он тәулікке дейін әкімшілік қамауға алуды қарастырады. Қаулы әлі заңды күшіне енген жоқ.