Қытай үшінші бала тууға рұқсат берді
Қытай үшінші бала тууға рұқсат берді
HONG KONG - JULY 08: Shoppers at Kowloon City Market on July 07 2004. It's one of the largest food markets in Hong Kong.
216
оқылды
Бұдан былай Қытайлық отбасыларға үшінші баланы дүниеге әкелуге рұқсат берілді, – деп хабарлады 31-арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы. Үкімет енді екі баладан көп сәбиді дүниеге әкелген отбасыларға айыппұл салмайды. Жаңа заңнамаға сәйкес, үшінші баласын босанатын аналарға керісінше қолайлы жағдай жасалады. Енді Қытайдағы қоғамдық жерлерде, тіпті жұмыс орындарында ана мен балаға қажетті құрал-жабдықтар мен арнайы бөлмелер болды. Айта кету керек, бес жыл бұрын Қытай үкіметі тек екінші баланы тууға заңмен рұқсат берген еді. Қазіргі уақытта Қытайда 14 жасқа толмаған 253 миллион бала бар, бұл бүкіл халықтың 18 пайызын құрайды. Материалдың толық нұсқасын төмендегі видеодан көріңіз: