Тәжікстанда мүгедек әйелді төрт баласымен үйінен шығарды
Тәжікстанда мүгедек әйелді төрт баласымен үйінен шығарды
152
оқылды

Тәжікстанның Куляб қаласында сот шешімімен мүгедек әйел төрт баласымен он жылдан бері тұрып келе жатқан үйінен шығарылды.

Туғанынан мылқау Зулкадамох Абдурахмонова 2010 жылы өзінен 30 жасқа үлкен Мурод Кавгаков деген азаматқа тұрмысқа шығады. 2019 жылы күйеуі қайтыс болып, жасы кәмелетке толмаған төрт баласымен жесір қалады. Көп ұзамай өгей қызы Мижгона Муродзода оны балаларымен үйінен шығару үшін сотқа арызданады. Биыл сәуір айында Куляб қалалық соты Муродзоданың өтінішін қанағаттандырып, мүгедек әйелді баспананы босатуға міндеттеген. Сот мәліметінше, шешім арыз берген тараптың құжаттары негізінде қабылданған. Көршілері Зулкадамох Абдурахмонованы төрт баласымен үйінен шығару сәтін видеоға түсіріп алыпты. Сотта Муродзода әкесі ешкімге айтпастан Абдурахмоноваға үйленіп, оны үйге ертіп келгенін мәлімдеген. Бірақ көршілері оның сөздерін теріске шығарады. Олардың айтуынша, Муродзоданың өзі екеуін қосқан.