Илон Маск дүкенге өзі барып келетін жаңа гуманоид-робот таныстырды
Илон Маск дүкенге өзі барып келетін жаңа гуманоид-робот таныстырды
Сурет: Susan Walsh / AP

Жасанды интеллект күні Илон Маск жаңа гуманоид-роботтың презентациясын жасады, – деп хабарлайды 31-арнаның "Информбюро" ақпараттық бағдарламасы.

Optimus деп аталатын бұл ақылды техника тіпті дүкенге де барып келе алады екен. Құлтемір құрастырушылар бұл роботты жасау үшін Tesla автокөлігіндегі тың технологияларды пайдаланамыз деп отыр. Бет-жүзінің орнында экран, ал аяқ-қолы 40 сервоқозғатқыштың көмегімен басқарылады. Биіктігі – 172 сантиметр, салмағы 57 келі болады. Гуманоид-робот келесі жылы толық дайын болады. Tesla Bot еш дайындықсыз әрекет ете алады. Оған тек нұсқау берсеңіз жеткілікті. Маск, Optimus роботы сайып келгенде адамдар жасай алатын ең қауіпті тапсырмаларды да орындай алатынын айтты.