Президент Алматы облысына жұмыс сапарымен келді
Президент Алматы облысына жұмыс сапарымен келді
Сурет: malim.kz сайтынан алынды
150
оқылды

Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы облысына жұмыс сапарымен келді. Бұл туралы Президент баспасөз хатшысы Бері Уәли хабарлады. 

"Бүгін Қазақстан Президенті Алматы облысына сапары барысында "Қайсар-2021" шұғыл-тактикалық оқу-жаттығуларын көреді. Сонымен қатар Мемлекет басшысы медициналық құралдар, дәрі-дәрмектер, азық-түлік және жағармай шығаратын бірқатар өндірістік кәсіпорындарды аралап, жұмыстарымен танысады", – деп жазды Берік Уәли желідегі парақшасында.
Еске салсақ, 23 тамыз күні Президент Алматыдағы резиденциясында бірқатар іс-шара өткізетіні хабарланды.