Жан Кособуцкий америкалық қарсыласын нокаутқа түсірді – видео
Жан Кособуцкий америкалық қарсыласын нокаутқа түсірді – видео
©А.Ахметқазы
237
оқылды

Қазақстандық боксшы Жан Кособуцкий (16-0, 15 КО) қарсыласы америкалық Джои Давейконы (21-8-4, 12 КО) нокаутпен жеңіп, суперауыр салмақта WBA International титулын қорғады. Бокс кеші Гамбургте өтті. 

32 жастағы қазақстандық боксшының айқасы 12 раундқа есептелген еді. Алайда Жан қарсыласын екінші раундта нокаутқа түсірді. Бұл – оның кәсіпқой рингтегі қатарынан 16-шы жеңісі.
Қазақстандық боксшы кезекті жеңісі арқылы ауыр салмақтағы дивизионда рейтинг көшбасшыларына бір табан жақындайды.