TikTok жұлдызына айналған автобус жүргізушісінің видеосын полиция тексермек

TikTok жұлдызына айналған автобус жүргізушісінің видеосын полиция тексермек

Автобус төбесінде билеген TikTok жұлдызы Айдос Ариновтың видеосын Қарағанды полициясы тексереді. Қарағанды полиция қызметкерлері қоғамдық көлікте жиі видео түсіретін блогер, №43 автобусының жүргізушісі Айдос Ариновтың видеоларын тексермек.

Оған қарағандылықтардың жүргізушіге шағымы себеп болған.
"Қазіргі уақытта бұл видеоны жергілікті полиция қызметі басқармасының қызметкерлері зерттеп жатыр. Нәтижелері қосымша хабарланады", - деді Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі өкілі.