Әрбір желінген хот-дог адам өмірін 36 минутқа қысқартады
Әрбір желінген хот-дог адам өмірін 36 минутқа қысқартады
©baq.kz
133
оқылды

Мичиган университетінің ғалымдары "желінген әр хот-дог адам өмірін 36 минутқа қысқартады" деген түйінге келді. Бұл жайында Daily Telegraph хабарлады.

Зерттеушілер тобы дұрыс тамақтану индексін әзірледі. Ол түрлі тағам, тіскебасар, сусындардың денсаулыққа әсеріне негізделеді.
Анықталғандай, кез келген өңделген еттің бір грамы орта есеппен өмірді 45 секундқа қысқартады екен. Ал хот-догқа келер болсақ, мұндағы қауіпті натрий мен трансмайлы қышқылдарды есептей беріңіз.

Дегенмен, осы әдіске негізделе отырып, өмірді ұзартуға болады. Мәселен, ақсерке балығын тұтыну өмірді 16 минутқа ұзартса, бір уыс жаңғақ - 26 минутқа ұзартады екен.