Жамбыл облысында діни бірлестіктің ғимараты өртенді
Жамбыл облысында діни бірлестіктің ғимараты өртенді
©azattyq-ruhy.kz
169
оқылды

Жамбыл облысының Т.Рысқұлов ауданындағы ислам діни бірлестігінің ғимараты өртенді.

20 тамыз сағат 17:38-де ТЖД кезекші қызметіне Жарлысу ауылында шыққан өрт туралы хабарлама келіп түскен. Өрт Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасы республикалық ислам діни бірлестігі филиалының бір қабатты ғимаратындағы жөндеу жүргізіп жатқан кезде шыққан.
ТЖД мәліметі бойынша, өрт аумағы 90 шаршы метрді шарпыған.  Өрт сағат 19:20-да сөндірілді.
Оқыс оқиғадан ешкім зардап шекпеді. ТЖД қызметкерлерінің болжамы бойынша, өрт отты абайсыз қолдану салдарынан болған.