Қазақстанда жасанды жауын-шашын тудыру жолдары ұсынылды
Қазақстанда жасанды жауын-шашын тудыру жолдары ұсынылды

Елдің құрғақ аймақтарында қолдан жаңбыр жауғызу ұсынысын отандық кәсіпкерлер ұсынған. Бұл технология әлемге өткен ғасырдың аяғынан бері белгілі. Алайда елімізде бұл жайлы алғаш рет айтылып отыр.

"Аспанда бұлт түзіліп жауын себелей бастайды. Біз ауа райын басқара аламыз. Ал барлық пайда жерге келіп түседі. Сонымен қатар ешқандай химиялық қосындылардың қатысуынсыз" ,- дейді климатты өзгерту технологиялар саласындағы Халықаралық жобаның бастаушысы Алтай Айнабек.

Басқаша сөзбен түсіндіретін болсақ, атмосфераға иондар ағыны жіберіліп, соның арқасында жаңбыр кезеңіне жетпеген бұлттар конденсацияланып, жаңалары пайда болады. Технологияны Ресейде жасап шығарған. Бір генератор 200 км. радиуста жауын-шашын болуына жағдай жасап, аймақтағы ылғалдылықтың үштен бір бөлігін арттырады. Компания өкілдері бұл тәсілдің халықтың денсаулығы мен қоршаған ортаға зияны жоқ деп сендіреді.
Қауіпсіздікті тексеру шарасы Бельгияда сәтті өткен. Шөлдегі 50 градустық ыстықта жауын жауғызу қияли арман емес, адам қолымен жасалатын дүние екенін Біріккен Араб Әмірліктері дәлелдеп берген. Осыған ұқсас технологияларды Үндістан, Қытай және Швейцария елдері қолдануда. Шетелде оларды пайдалану шығындары 10 миллионнан 50 миллион еуроға дейін жетуі мүмкін. Ал Ақтауда қолға алынған сынаққа он есе аз сома - жарты миллиард теңге қажет етіледі.
ҚР Мәжіліс депутаты Еділ Жанбыршиннің айтуынша, биылғы жылы аталған облысқа 2 есе аз жауын жауған.
"Қазіргі таңда Маңғыстау облысының климаттық мүмкіндіктері мен аумақты қамту жолдарын қарастырып жатырмыз. Жасанды жауын жауғызу мүмкіндіктері осыған дейін Ресейдің Якутиядағы, Иркутск облысындағы және Краноярск аймағында болған масштабты орман өрттерін сөндіруге үлкен көмегін тигізді" , - дейді Еділ Жанбыршин.
Маңғыстау облысы жергілікті билік органдары мен кәсіпкерлерден қаржылық қолдау күтеді. Аталған аймақта қолға алынған әдістің бастамашылары құрғақшылықпен күресудің басқа әдісін көрмейді.