Азамат Батырқожа вице-министр қызметінен босатылды

Азамат Батырқожа вице-министр қызметінен босатылды

Азамат Батырқожа Қазақстан цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі қызметінен босатылды.

"Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысымен Азамат Байқуанышұлы Батырқожа Қазақстан цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі қызметінен босатылды", - делінген primeminister.kz сайтында. 

Азамат Батырқожа 1972 жылы Солтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген.          Ф. Дзержинский атындағы әскери академияны және "Тұран-Астана" университетін тәмамдаған.
Еңбек жолын 1995 жылы жеке компаниядағы қауіпсіздік бөлімінің арнайы технигі болып бастаған. 1997-1999 жылдары Қазақстан Көлік және коммуникациялар министрлігінде жұмыс істеді. Әр жылдары жеке компанияларда және квазимемлекеттік секторда жұмыс істеді, ҚР индустрия және жаңа технологиялар министрлігінде түрлі лауазымдар атқарды.
2019 жылғы желтоқсаннан бері ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі қызметін атқарды.