Qazsport телеарнасы Паралимпиада ойындарын көрсетеді
Qazsport телеарнасы Паралимпиада ойындарын көрсетеді
фото: xsport.ua
24 тамыз - 5 қыркүйек аралығында Токио қаласында өтетін XVI Паралимпиада ойындарын Qazsport телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді. Паралимпиадаға Қазақстан атынан 7 спорт түрі бойынша 26 спортшы қатысады. Жолдамалардың жетеуі – суда жүзуден, жетеуі – дзюдодан, бесеуі – пауэрлифтингтен, үшеуі – таэквондодан, екеуі – жеңіл атлетикадан, екеуі - каноэде ескек есу мен нысана көздеуден. Жапония ұлттық стадионында өтетін салтанатты ашылу рәсімінде еліміздің туын таэквондошы Нұрлан Домбаев пен пауэрлифтингтен қатысушы Раушан Қойшыбаева көтеріп шығады. Ашылу салтанаты 24 тамызда Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 17:00-де тікелей эфирде көрсетіледі. XVI Паралимпиада ойындарында жалпы саны 136 мемлекеттен 4400-ге жуық спортшы 22 спорт түрінен сынға түседі.