“Бас консул қызметіне кірісу үшін бұл ерекше уақыт, себебі, биыл Қазақстанның Тәуелсіздігіне отыз жыл толғалы отыр, әрі екі ел болып АҚШ пен Қазақстан дипломатиялық қатынасының отыз жылдығын атап өтудеміз”, — деді өзінің ресми мәлімдемесінде Сэвидж ханым. Сондай-ақ, ол өз сөзінде АҚШ Миссиясының екі ел арасындағы ынтымақтастықты нығайтумен қоса, COVID-19 індетіне қарсы бірлескен күреске басымдық таныта беретінін айтты. Бас консул Сэвидж Қазақстандағы қызметіне кіріспес бұрын қазақ тілін аса қызығушылықпен оқығанын және екі ел арасындағы байланысты тереңдетіп, нығайту мақсатында қолдануға асық екенін білдірді.
Айта кетейік, АҚШ-тың Алматыдағы Бас консулы Кэролайн Сэвидждің консулдық аймағына Алматы мен Шымкент қалалары және Алматы, Қызылорда, Түркістан, Жамбыл облыстары кіреді. Кэролайн Сэвидж АҚШ Мемлекеттік департаменттегі қызметін 2004 жылы бастаған екен. АҚШ-тың Алматыдағы Бас консулы болып тағайындалғанға дейін ол Вашингтонда орналасқан Жаһандық қоғаммен байланыс бюросының Шетелдік БАҚ өкілдері орталығын басқарған. Вашингтонда қызмет еткен жылдары Сэвидж ханым Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің Ресей және Орталық Азия бөлімінің басшысы және Ресей бөлімінде Саяси, әскери және сыртқы істер кеңесшісі, сондай-ақ Джорджтаун Университеті Дипломатияны зерттеу институтының Вирджиния және Дин Раск атындағы стипендия иегері және зерттеуші болыпты. Шетелде қызмет еткен жылдары Бас консул Сэвидж Әзербайжан мен Мозамбиктегі АҚШ елшіліктерінде Қоғаммен байланыс жөніндегі кеңесші, АҚШ-тың Беларусьтегі елшілігінде Қоғаммен байланыс жөніндегі кеңесші және консул, ал Люксембургтегі АҚШ елшілігінде Саяси және виза мәселелері жөніндегі қызметкері болған екен.Жаңа тағайындалған Алматыдағы АҚШ Бас консулы Кэролайн Сэвидж бүгін Қазақстанға келді. Сэвидж ханымды бізбен бірге қарсы алыңыздар!
???? Join us in welcoming Ms. Caroline Savage, new Consul General of the United States in Almaty, who just arrived in Kazakhstan! pic.twitter.com/JXMsWq8dzJ — USCG Almaty (@USCGAlmaty) August 20, 2021