Қазақстандықтарға 125 мың теңге көлемінде әлеуметтік көмек берілетіні туралы қауесет тарады
Қазақстандықтарға 125 мың теңге көлемінде әлеуметтік көмек берілетіні туралы қауесет тарады
© Sputnik / Абзал Калиев
Мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде таратылып жатқан, белгілі бір сілтеме бойынша өткен Қазақстанның әрбір азаматына 125 000 теңге мөлшерінде әлеуметтік төлем берілетіні туралы ақпарат шындыққа жанаспайды, - деп хабарлады Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.
"Азаматтарға алаяқтар мұндай хабарламаларды жеке аккаунттар мен банктік шоттарға қол жеткізу үшін қолдануы мүмкін екенін ескертеміз. Ешқашан күмәнді сілтемелерге өтпеңіз және алаяқтықтың құрбаны болмас үшін жеке мәліметтеріңізді қалдырмаңыз. Азаматтардан жалған ақпаратқа назар аудармауды және ақпаратты тек ресми көздерден ғана алуды сұраймыз. Жалған ақпаратты тарату заң бойынша жазаланатынын еске саламыз", - делінген хабарламада.