Жол жиегінде тұрған екі жолаушыны көлік қағып кетті
Жол жиегінде тұрған екі жолаушыны көлік қағып кетті
Фото: Zakon.kz
Ақтөбеде жол-көлік апатынан 2 адам мерт болды. Оқиға Қарабұтақ-Қостанай тасжолында тіркелді. Mercedes-Benz-1841 Actors жүк көлігінің жүргізушісі жол жиегінде тұрған екі адамды қағып кетті. Рөлде Алматы облысының 61 жастағы тұрғыны болған.
«Жол жиегінде тұрған ВАЗ-21100 көлігінің екі жолаушысын көлік қағып кетті. Ақтөбе қаласының 36 және 37 жастағы тұрғындары алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды. Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің «Абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан ЖҚЕ бұзу» бабы бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», - деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.