Карантин режимін бұзып, той жасағандарды полиция анықтады
Карантин режимін бұзып, той жасағандарды полиция анықтады
Фото: inbusiness.kz
131
оқылды
Нұр-Сұлтан Полиция департаментінің назарына қаладағы қонақүйлердің бірінде болған тойдың видеосы ілікті. Елордалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі іс-шара карантин режимін бұза отырып ұйымдастырылғанын растады. Видео телеграм-арнада жарияланған.
"Әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу кезінде полицейлер Instagram желісінде танымал ақын және той жүргізушісі, сондай-ақ мемлекеттік радиостанция тілшісі "Тұсаукесер" мерекесінде түсірген видеоны анықтады. Шара карантинді бұза отырып, қонақүй кешенінің банкет залында өткізілгені анықталды", – деді полиция қызметкерлері.
Ведомство мәліметінше, мекеме иесіне және іс-шараға қатысушыларға қатысты жиналған материал әкімшілік шара қолдану үшін Нұр-Сұлтан қаласының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау бөліміне жіберілген.