Айдос Ербосынұлы WBA титулы үшін жекпе-жекті Қазақстанда өткізеді
Айдос Ербосынұлы WBA титулы үшін жекпе-жекті Қазақстанда өткізеді
Фото: qsport.kz
Супер орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Айдос Ербосынұлының (15-0, 10 КО) WBA Interim белбеуі үшін гайаналық боксшы Аллен Леннокспен  (22-1-1, 14 КО) жекпе-жегі қайда өтетіні белгілі болды, – деп хабарлайды Vesti.kz. Бұл кездесу 12 қыркүйек күні Нұр-Сұлтан (Қазақстан) қаласында өтеді. Ербосынұлы соңғы кездесуін өткен жылдың желтоқсан айында Нұр-Сұлтан қаласында өткізіп, ганалық Исса Самирді (19-1, 16 КО) жеңді. Бұл кездесуде ол BC Asia, WBA International және WBO Global белбеулерін қорғап қалған еді.