Атқарылған жұмыстарға оң баға берілді
Атқарылған жұмыстарға оң баға берілді
164
оқылды

Мемлекет басшысы Алматы әкімінің қаланы абаттандыру жөніндегі жобаларымен танысты. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың Алматыдағы жұмыс сапары қаланы абаттандыруға бағытталған жобалар­мен танысудан басталды. Бақытжан Сағынтаев Мемлекет басшысына қала­ның полиорталық моделін қалыптастыруды көздейтін «Жаңа Алматы» бағдарламасы туралы баяндады. Бұл жоба қала тұрғындары үшін өмір сүруге қолайлы жағдай жасап, олардың еркін демалуына жаңа қоғам­дық кеңістіктер құруға бағытталған. Мемлекет басшысы әкімнің есебін тыңдағаннан кейін барлық жобалар қалада қауіпсіз орта қалып­тас­тырып, шаһардағы өсімдіктер қорын сақтап қа­лу­ға бағытталуы қажет екенін атап өтті. Президент құ­ры­лып жатқан жаңа саябақтар жер­гілікті тұрғын­дар­дың демалысына ыңғайлы болуы керек деп есептейді. Қасым-Жомарт Тоқаев жалпы қалада жүргізіліп жатқан жұмыстарға оң баға берді. Қала басшысына әр ауданда тұрғындардың демалысы мен еркін жүріп-тұруына қолайлы заманауи алаңқайлар салуға көңіл бөлуді тапсырды.