Депутаттар Шымкентке барды
Депутаттар Шымкентке барды
133
оқылды

Парламент Мәжілісінің де­путаттары, «Nur Otan» пар­тия­сы фракциясының мүше­лері Берік Оспанов пен Фах­риддин Қаратаев Шымкент қаласына арнайы жұмыс сапары барысында Қаратау ауданында орналасқан Shymkent City шағынау­да­нындағы көпқабатты тұрғын үй кешендерінің құрылыс жұмыстарымен танысты.

Бүгінде «Damdes Құрылыс invest» ЖШС Shymkent City ша­ғынауданындағы он қабатты 6 тұрғын үйдің (№1,10,9,8,7,6) құ­рылыс-монтаж жұмыстарын жүр­гізіп жатыр. Нысан инвестициялық жоба ретінде Shymkent әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ-мен «Damdes Құрылыс invest» ЖШС арасындағы келісімшарт негізінде жүзеге асырылып жатыр. Тұрғын үйдің жалпы аумағы – 29 622 шаршы метр (420 пәтер). Қазір нысандардың қар­жы­лан­дыру үлесі 75%, яғни 4,2 млрд теңге. Аталған көпқабатты тұрғын үйлер – «Шаңырақ 5-10-20», «5-20-25», сондай-ақ «7-20-25» бағ­дар­ламасы бойынша сату жоспар­ланып отыр. Тұрғын үй кешендерінің бү­гінгі құрылыс барысымен та­нысқан Мәжіліс депутаты Берік Серікұлы тұрғын үй нысандарына мемлекет бюджетінен де қар­жы­ландыру қарастырылған­дықтан, әлеуметтік мәселелерді де на­зардан тыс қалдырмау қажетін баса атап өтті. Соның ішінде, са­лынып жатқан 420 пәтердің ара­сынан тұрмысы төмен отбасылар мен мүмкіндігі шектеулі, әлеу­мет­тік әлсіз топтағы азаматтарға да баспана қарастырылу керегін тілге тиек етіп, алдағы уақытта бұл мә­селенің оңтайлы шешілу жолда­рын нақты қолға алатынын жет­кізді. Өз кезегінде мердігер мекеме басшысы құрылыс материал­дарының күрт қымбаттауына байланысты тұрғын үй бағасының өсетінін ашық атап өтті. депутаттар Шымкентте Бұл мәселеге қатысты Мәжіліс депутаты Фахриддин Әбдінабиұлы тұрғын үй салуға қажетті құрылыс материалдарының басым көп­шілігі отандық болғанына қара­мастан, бүгінде баспана баға­сының өсуіне алаңдаушылық білдіріп, Мәжіліс отырыстарында бұл мәселені көтеру арқылы на­рықтағы бағаның тұрақсыздығын анықтайтынын алға тартты. Сондай-ақ халыққа барынша қолайлы жағдай жасалу қажеттігін жеткізіп, көлік тұрағы мен балалар ойнайтын алаңшаның орналасу аймағын қайта қарастыру бойын­ша да ұсыныстарын білдірді. Алдағы уақытта Мәжіліс де­пу­таттары тарапынан білдірілген ұсыныстар Шымкент қаласының әкімі, «Nur Otan» партиясы фи­лиа­лының төрағасы Мұрат Әйтеновтің назарына ұсынылып, жан-жақты талқылану жоспар­ланып отыр. Бүгінде мұндай көпқабатты тұрғын үйлердің бой көтеруі халық саны артқан мегаполистегі бас­пана мәселесінің оңтайлы ше­шілуіне айрықша ықпал етіп отыр.

Назгүл НАЗАРБЕК, Шымкент қаласы