Еңбек ұжымымен кездесті

Еңбек ұжымымен кездесті

Парламент Мәжілісінің депутаттары – «Nur Otan» партиясы фракциясының мүшелері Гүлнар Бижанова, Шамиль Осин және Тілектес Адамбеков жұмыс сапарлары аясында «Арселор Миттал Теміртау» КД «Восточная» ОБФ еңбек ұжымымен кездесті.

Кәсіпорынның негізгі шы­ғаратын өнімі – халықаралық сапа стандартына сәйкес келетін көмір концентраты. Кәсіпорынның жо­балық қуаты-жылына 5 млн тонна көмір, ал қызметкерлер саны – 500-ге жуық. Кездесу бары­сында Мәжіліс депутаттары ОБФ жұмы­сымен танысып, басшылық­пен және қызметкерлермен проб­ле­малық мәселелерді талқылады. Пандемия салдарына байланысты өткен жылы Көмір концентратын өндіру 86%-ға дейін төмендеп, 1 200 мың тонна болған. Енді жыл соңына дейін 3,2%-ға немесе 2600,0 мың тоннаға ұлғайту жос­парланып отыр. Сондай-ақ мұнда технологиялық процесті жетіл­діруге, байыту технологиясының тиімділігін арттыруға, шахта­лардың қатардағы көмірлерін қайта өңдеу кезінде шығындарды азайтуға және жарамды өнімнің шығуын арттыруға бағытталған инвестициялық жобаларды іске асыру қарқынды жалғасып жатыр. Кездесу барысында Гүлнар Бижанова «Арселор Миттал Теміртау» өндірістік кәсіпорнында ең озық қолжетімді технология­ларға көшу бойынша жаңа эк­о­логиялық кодекс талаптарының орындалуы, Мәжілісте қабылдан­ған басқа да заң жобалары туралы, жалпы жергілікті халықты тол­ғандырған мәселелер бойынша сөз сөйлеп, «Nur Otan» партиясы­ның сайлаушыларға берген уә­делерінің орындалуы бойынша пікір алмасты.

Ж.НҰРЛАН