Алты мектеп жабылды
Алты мектеп жабылды
112
оқылды

СҚО өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте жаңа оқу жылына дайын­дық барысы айтылды. Облыстық Білім басқармасы басшысы Гүлмира Кәрімова­ның айтуынша, өңірде 75 316 оқушы бар. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 2,5 мыңға көп.

Сондай-ақ  алғаш рет 8 мың бүлдіршін бірінші сыныпқа барады. Оның жартысынан астамы Петропавлдың үлесінде. Ал өңірде 472 мектеп жұмыс істесе, жаңа оқу жылында 6 мектеп жабылды. Олар­дың қатарында Ақжар ауда­нын­дағы 1 мектеп, Аққайың ауда­нында – 1, Есіл ауданында – 1, Жам­был ауданында – 2, Қызылжар ауданында 1 мектеп жұмысын тоқ­татқан. Бұл бастауыш мектептерде небәрі 4 оқушыдан ғана оқыған. «Облыстағы мектептердің 78 %-ы шағын жинақты мектептер. Жаңа оқу жылында 298 елді мекеннен  2 074 баланы тасымалдау жоспар­ланған, оның ішінде күн сайын 1 261 оқушы, апта сайын 813 оқу­шы тасымалданады. Бұл мақсатқа 124 автокөлік бар, оның 42-сі был­тыр, 18-і биыл сатып алынды», – дейді Гүлмира Кәрімова. Сонымен бірге басқарма басшысы егер оқушы немесе мұғалім вирус жұқ­тырса, сынып қашықтан оқыту фор­маты­на көшеді.

Ж.МҮСІЛІМ