Паралимпиада ойындары басталмақ
Паралимпиада ойындары басталмақ

Бірер күннен соң Токиода Паралимпиада ойындары басталмақ. Осыған байланысты әлемдегі мыңдаған спортшы жапон астанасына ағылып жатыр. Олардың арасында еліміздің құрамасы да бар.     

Қазақстан өкілдері ПТР-тест тап­сырып, арнайы тіркеуден өтіп үлгерді. Одан кейін олим­пиада­лық қалашыққа орна­лас­ты. «Енді біртіндеп дайындыққа ден қой­дық», – дейді Ұлттық паралим­пиада комитетінің өкілдері. Биыл байрақты бәсекеге жерлестеріміз 25 лицензия жеңіп алды. Жүзуден 7, дзюдодан 6 және пауэрлифтингтен 5 жол­дама бар. Бұған қоса қазақстан­дық спортшылар жеңіл атлетика, таэквондо, ескек есу және оқ ату бағыттары бойынша да сынға түседі. Алғашқы бәсекелер 25 тамызда басталады. Қазақстан­дық спортшылар арасынан ең бірінші болып жүзу шеберлері жарысқа қатысады. – Ең бастысы – барлығы дін-аман. Көңіл күйіміз жақсы. Тест тапсыру, тіркеуден өту, басқа да құжатбастылыққа қатысты мәселелер біраз уақытты алады. Бірақ оған түсіністікпен қарай­мыз. Өйткені бұл – ең алдымен біздің қауіпсіздігімізге қатысты шаралар. Енді жаттығуды пы­сық­тап, ел абыройын асқақ­татуы­мыз қажет, – дейді ұлттық құрама мүшесі Зүлфия Ғабидул­лина.

М.ХАҚНАЗАР