Ел руханияты тағы бір тарланынан айырылды

Оразалин С.
© sn.kz

Журналист, жазушы, теледраматург әрі қоғам қайраткері Сұлтан Оразалин 80 жасында өмірден озды.

Халықаралық телевизия және радио академиясының академигі, кұрметті ардагер Сұлтан Оразалин 1941 жылы Шығыс Қазақстан облысының Аягөз қаласында туған.

Ол – көркем телевизияның негізін салушылардың бірі. Қазақ телевизиясының әдеби-драмалық бағдарламалар бас редакциясын тұңғыш рет ұйымдастырып, оны 15 жылдан астам басқарған.

Оның  «Сұхбат», «Қымыз­хана», «Кездесу», «Шұғыла», «Ай­тыс», «Халық қазынасы» т.б. хабарлар циклы мен «Кек», «Отырар ойраны», «Өлім фаб­рика­сы», «Қашқын»  т.б. теле­қойылымдары халыққа кеңінен танылды.

Саналы ғұмырын қазақтың әдебиеті мен мәдениетін дәріп­теп, туған тілінің тұғырын, ұлты­ның ұлық мүдделерін ту еткен есіл тұлға артына алты ұрпаққа азық болар шығарма­шылық үлес пен ғылыми мұра қалдырып кетті. Тәуелсіздіктің таңында тәй-тәй басқан жаңа елдің игілігіне қызметке келіп, жас мемлекеттің ұлттық өрісін кеңейтуге білек сыбана кірісті.

Сұлтан Оразалин – ауыз әдебиеті жанрларын, оның ішінде айтыс, терме, жыраулық өнерді қайта жаңғыртып, көгілдір экранда насихат­талуы­на зор үлес қосқан тұлға.

Ажалға араша бар ма?!

Жатқан жері жайлы, топы­рағы торқа болсын!

Марқұмның туған-туыс­тарына, отбасына қайғысына ортақтасып, көңіл айтамыз.

Aiqyn газетінің ұжымы

Байқау айқын
Байқау айқын
Aikyn.kz | Бүгінгі жаңалықтар. Әлем және Қазақстан жаңалықтары.