Ел руханияты тағы бір тарланынан айырылды

Ел руханияты тағы бір тарланынан айырылды

Журналист, жазушы, теледраматург әрі қоғам қайраткері Сұлтан Оразалин 80 жасында өмірден озды.

Халықаралық телевизия және радио академиясының академигі, кұрметті ардагер Сұлтан Оразалин 1941 жылы Шығыс Қазақстан облысының Аягөз қаласында туған. Ол – көркем телевизияның негізін салушылардың бірі. Қазақ телевизиясының әдеби-драмалық бағдарламалар бас редакциясын тұңғыш рет ұйымдастырып, оны 15 жылдан астам басқарған. Оның  «Сұхбат», «Қымыз­хана», «Кездесу», «Шұғыла», «Ай­тыс», «Халық қазынасы» т.б. хабарлар циклы мен «Кек», «Отырар ойраны», «Өлім фаб­рика­сы», «Қашқын»  т.б. теле­қойылымдары халыққа кеңінен танылды. Саналы ғұмырын қазақтың әдебиеті мен мәдениетін дәріп­теп, туған тілінің тұғырын, ұлты­ның ұлық мүдделерін ту еткен есіл тұлға артына алты ұрпаққа азық болар шығарма­шылық үлес пен ғылыми мұра қалдырып кетті. Тәуелсіздіктің таңында тәй-тәй басқан жаңа елдің игілігіне қызметке келіп, жас мемлекеттің ұлттық өрісін кеңейтуге білек сыбана кірісті. Сұлтан Оразалин – ауыз әдебиеті жанрларын, оның ішінде айтыс, терме, жыраулық өнерді қайта жаңғыртып, көгілдір экранда насихат­талуы­на зор үлес қосқан тұлға. Ажалға араша бар ма?! Жатқан жері жайлы, топы­рағы торқа болсын! Марқұмның туған-туыс­тарына, отбасына қайғысына ортақтасып, көңіл айтамыз.

Aiqyn газетінің ұжымы