Жастардың мәселесі шешімін табады
Жастардың мәселесі шешімін табады
133
оқылды

Қарағанды облысының әр бесінші тұрғыны – 30 жасқа дейінгі санатта. Ал 14-28 жас аралығындағы жастардың саны – 261 153. Оның ішінде 196 194-і қала, 64 959-ы ауыл жастары екен. Президент тапсырмасына сәйкес, облыста жоғары оқу орындарын оңтайландыру бойынша жұмыстар атқарылып жатыр.

155 000 адам қамтылды

Облыста жастар саясаты даму­дың жаңа кезеңінде. 2019 жыл Жас­тар жылы, ал 2020 жылы жас­тар саясатын дамытуға жаңа серпін берген Еріктілер жылы болып жарияланды. Облыста волонтер­лер­дің өңірлік фронт-офисі, Qoldau волонтерлік орталығы ашылып, 155 000 адамды қамтитын 1112 іс-шара өтті. Қоғам игілігі үшін 3 мыңнан астам волонтер еңбек етті. Сонымен қатар бас­қар­ма басшысы волонтерлік қыз­мет­тің негізгі бағыты – қоршаған ор­таны қорғау, экологиялық жағдай­ды жақсартуға көмек көрсету еке­нін айтты. Келер жылы да атал­ған жұмыстар жалғасады.

Жұмыссыздыққа жол жоқ

Аймақта жұмыссыздық мәсе­лесі де жоқ емес. Одан қала берді, NEET санатындағы жастар да баршылық. Осы мәселенің алдын алу үшін біршама жұмыс қолға алынды. Жұмыссыздықпен күресу мақсатында нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкер­лікті дамытудың 2017-2021 жыл­дарға арналған «Еңбек» бағдар­ламасы іске қосылған. Нәтиже­сінде, аталмыш бағдарламаға 9 мыңнан астам, жастар практика­сына 653 адам жіберілді. Атап өтсек, «Дипломмен – ауылға!» бағ­дарламасы аясында жұмысқа келген жас маманға көтерме жәр­демақы төленіп, тұрғын үй сатып алу үшін бюджеттік несие беріледі. Биыл әлеуметтік сала мен агро­өнеркәсіптік кешенін бітірген 233 маманға 1 млн 22,5 мың теңге бө­лін­ген. 402 маманға 117,2 млн тең­ге көтерме жәрдемақы қарасты­рылған. Тамыз айынан 167 маманға тұрғын үй сатып алу үшін 708,5 млн теңге көлемінде бюджеттік несие берілді. 220 маманға 64,8 млн тең­ге көлемінде көтерме жәрдемақы қарастырылған. Бүгінде көтерме жәрдемақы мен бюджеттік несие алған жас маманның саны артып келеді. 2020 жылдың еңбек маусымында «Жа­сыл ел» бағдарламасы аясында 1 413 жас жұмыспен қамтылса, биыл 1 800 жасты жұмысқа орна­ластыру жоспары бекіген. Одан бөлек, жастар кәсіпкерлігін қолдау және дамыту үшін 100 млн теңге көле­мін­де облыс әкімінің 100 гран­ты бөлінді. Бүгінде грант алу­шы­лар­дың 80%-ы жұмысын бастап кет­кен. Оларға арнайы құрылған ко­миссия мүшелері тұрақты мони­торинг жүргізіп отыр. Сонымен қатар жас мамандарды баспанамен қамту мәселесі бір ізге қойылған.

618 пәтер бөлінеді

Саран қаласы мен Ақтас ауы­лында бюджет қызметкерлеріне 57 пәтер берілді. Оның 22-сі – жас мамандарға. Сондай-ақ 662 мың шаршы метрлік тұрғын үй пай­далануға берілді. Бұл өткен жыл­мен салыстырғанда 25%-ға артық. Алдағы уақытта 7 мыңға жуық жаңа пәтер салынбақ. Оның ішінде 1,5 мың пәтері бюджет есебінен қаржыландырылады. Жетім балалар мен ата-ана қам­қорлығынсыз қалған балалар­ды тұрғын үймен қамтамасыз етуге басымдық берілген. Бірнеше жыл­дан бері облыста осы санаттағы жастарды тұрғын үймен қамта­масыз етудің кешенді жоспары жүзеге асырылып келеді. Биыл 226 пәтерді беру жоспарланып отыр. 2020-2022 жылдар аралығында облыс өңірлерінде барлығы 618 пәтер бөлінеді. Жастарды тұрғын үймен қамта­масыз етудің тағы бір шарасы – Елбасының үшінші әлеуметтік бас­­тамасы аясындағы жатақха­на­лар құрылысы. Жаңа оқу жылының басына дейін жаңа ғимараттардың құрылысы мен қолданыстағы ғи­мараттардың қайта жаңартылуына байланысты жоғары оқу орындары мен колледждердің 882 студенті жатақханадан орынмен қамта­ма­сыз етіледі. Биыл 6 жатақхананы пайдалануға беру жоспарланып отыр.

Орталықтарда қызмет ойдағыдай

Облыста 18 өңірлік Жастар ре­сурстық орталығы жұмыс істей­ді. Ағымдағы жылы ЖРО-ын қар­жыландыру үшін 284 млн теңге бөлінген. Оларға облыс бойынша жұмысты тиімді ұйымдастыру үшін белгілі бір жағдайлар жасал­ған. Орталықтың Қарағанды, Бал­қаш, Приозерск қалаларында, Бұ­қар жырау, Жаңаарқа, Қарқара­лы аудандарында жұмысы қарқын­ды. 2020 жылы қала мен аудандар­дың орталықтарымен 624 мыңнан астам жас қамтылған 3 096 мыңнан астам іс-шара өткізді. Биыл 310 мың адамды қамтитын 2 мыңнан астам іс-шара онлайн форматта өтті. Жастар ресурстық орталықтары індет өршіп тұрған кезде үлкен жұ­мыс атқарғаны белгілі. Төтенше жағдай жарияланғанда ЖРО қыз­меткерлері халықтың әртүрлі са­натына атаулы көмек көрсету, со­ның ішінде азық-түлік себеттерін, жеке қорғаныс құралдарын тарату бойынша жұмыстарды ұйымдас­тырды. Бүгінде бұл жұмыстар об­лыстың волонтерлік ұйымдарымен бірлесіп жалғасып жатыр.

Әдебиет БЕЛГІБАЙҰЛЫ, Қарағанды облысы