Аймақтардағы университеттер өңірдегі ғылыми орталыққа айналуы тиіс
Аймақтардағы университеттер өңірдегі ғылыми орталыққа айналуы тиіс
243
оқылды
Ақерке Абылайханқызы, жаңа оқу жылы басталғалы отыр. Сту­денттер оқу ғимаратына кіру үшін вакцина салдыру керек деген мін­деттеу қажет деп ойлайсыз ба? – Әлемді дендеген індеттен құ­тылудың бірден-бір жолы егілу екенін ғалымдар зерттеп, әлем мо­йындап, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ұсынып отыр. Сон­дықтан ғылымның жетістіктерін мойындайтын, білім қуған өскелең ұрпақ бұл шешімді қолдауға тиіс, қолдайды да деп ойлаймын. Уни­верситет мыңдаған студенттің то­ғысқан ортасы болғандықтан, ұжым­дық иммунитет қалыптас­ты­ру қажет. Бүгінде Павлодар қала­сындағы Еуразиялық инновация­лық университетінің (бұдан әрі-ИнЕУ) студенттерінің басым көп­шілігі екпе алды. Білім және ғылым министрлігі тарапынан еліміз бойынша ұйымдастырылған ынталандыру акциясы да бұл істі белсенді жүргізуге ықпал етті деп айтар едім. Мысалы, ИнЕУ тара­пынан ақылы түрде оқитын сту­денттерге екпе алған жағдайда оқу ақысына пайыздық жеңілдіктер берілді. Әлі де университетке бі­рінші курс студенттерін оқуға қа­былдау жалғасуда. Ashyq қосым­шасындағы мәліметке сай студент­тер ғимаратқа кіре алады. – Пан­демия ЖОО-ларды он­лайн режим­ге ауысуға мәжбүр етті. Онлайн режим білім сапасына кері әсер етті деген пікір жиі айтылады. Жо­ғары білім жүйесі бұл «мәжбүрлі жаңашылдыққа» дайын болмады ма? – Пандемия басталған уақыт­та  Өскемен қаласының білім бө­лімінде қызмет еттім. Қала мектеп­терімен тікелей жұмыс істедім. Орта білім саласында нағыз дүр­ліккен кез болғаны анық еді. Білім және ғылым министрі А.Айма­ғамбетов онлайн режимде облыс, қала, аудандық деңгейдегі білім бөлім басшыларымен күн сайын жиналыс өткізетін. Қала әкімінде күндіз-түні штаб отырысы. Оның үстіне, алғашқы уақытта ауру жұқтырған азаматтарды естіген сайын психологиялық тұрғыдан әр азаматтың бойында үрей болды. Ал енді орта білім саласымен салыстырғанда жоғары оқу орын­дарының онлайн оқы­тудан хаба­ры бар еді. Пандемияға дейін уни­верситеттердің қашықтан сту­денттерді оқыту бойынша тә­жі­рибесі болды. ИнЕУ униве­рси­тетінде пандемияға дейін Moodle онлайн платформасы, әрбір сту­денттің жеке оқу кабинеті болған екен. Әрине, жалпы «мәжбүрлі жаңашылдықтың» арқасында оқытушы мен студент арасында онлайн режимде жұмыс істеуіне, ақпараттық технологияларды қол­дануға тиімді дағды қалып­тасқаны сөзсіз. Оффлайн форматқа көшкен күннің өзінде қай деңгейде бол­масын бұл дағдыны жоғалтпауымыз керек деп ойлаймын. Цифрлы фор­маттағы қаншама оқу-әдіс­темелік материалы бар платфор­малар жасалды, осының барлығы қолданыстан шықпауы тиіс. – Кезінде министрлікте халық­аралық байланыс саласында істеді­ңіз. Қазір шетелде білім алып келген азаматтардың отандық еңбек нары­ғында лайықты жұмыс орнын тап­пай жүргені жайлы зерттеу аз емес. Мұның себебі неде: олардың алған білімін біздің экономикада қолдану қиын ба (overqualification), әлде сапалы мамандарға арналған еңбек нарығы тар ма? – Сапалы мамандарға әрқа­шан­да сұраныс бар, бұл жерде бір­неше факторды атап өтер едім. Біріншіден, шетелде білім алып кел­ген азаматтардың амбициясы жоғары. Әрине, өзге тілде білім алу оңай емес, қаншама қиындықтан өтіп, оралған шетел университе­ті­нің түлектері тиісті еңбек шартта­рын талап етеді. Екіншіден, шетел­де ментальді тұрғыдан академия­лық білім беру жүйесінде, ғылыми жұмыстарды жүргізуде еркіндік қалыптасқан. Яғни, осы жүйеден кейін шетелде оқыған азаматтар мен басшылық арасында да түсі­ніспеушілік болуы әбден ықтимал. Осы бағытта бүгінде министрлік тарапынан «Болашақ» түлектерін ректорлық, проректорлық қыз­мет­терге тағайындау жұмыстары қар­қынды жүргізілуде, осы тәжірибені ғылыми-зерттеу институттарында қолданысқа енгізу қажет-ақ. Ғы­лыми диссертацияны Қазақстанда және Германияда қорғадым. Сон­дықтан оverqualification, әрине болады деп айта аламын, бірақ қолдау болған жағдайда қазақ­стан­дық реалитиде бейімделу мүмкін деп есептеймін. Пандемия ғылым­ға көңіл бөлудің қажет екенін ескертті. «Болашақ» стипендиясы шеңберінде 500 ғалым шетелге тәжірибеден өтеді, осы мүмкіндікті пайдаланып, елге әлемдік озық технологиялар мен зерттеулерді әкелуіміз керек. Әлемдік ғылым кеңістігінде зерттеу жұмыстары мен әдістемелері жеткілікті. – Студенттердің білім сапасы төмендігінің бірден-бір себебі – ЖОО-лардың жұмысын еңбек на­рығы, жұмыс берушілер, кәсіпкерлер емес, Білім және ғылым министрлігі бағалайды. Яғни, құжаттағы стан­дарттарға сай болған университет­терге грант үшін ақша бөледі. Сол үшін ректорлар жұмыс берушінің емес, министрліктің талабын орын­дауға мүдделі деген ой айтылады. Осы қалыптасқан жүйені өзгертудің жолдары бар ма? – Грант бөлу мәселесі бюджет­тік қаржы болғандықтан, әрине сұ­раныс та жоғары. Сондықтан Бі­лім және ғылым министрінің бұй­рығына сай қойылатын талап­тар бар. Бұл жерде талаптардың бірі – «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының білім бағдарламалары бойынша жүргізетін рейтинг нәтижелері. «Атамекен» өз кезегін­де жұмыс берушілермен бірлесе отырып, университет түлектерінің жұмысқа орналасуы, олардың кә­сіби құзыреттіліктеріне баға береді. Ең бастысы – білім беру бағдар­ламаларының сапасы. Бүгінде университеттерге академиялық еркіндік берілген. Яғни, мәселе заңнамалық тұрғыдан реттелген. Мысалы, ИнЕУ бұл жұмысты бас­тап кетті, нақты айтар болсам, әр­бір оқыту бағдарламасына же­текші тағайындалды. Яғни, ка­федра меңгерушісі барлық бағдар­ламаға жауапты деген қағидадан бас тартып отырмыз. ИнЕУ даму­дың барысында инженерлік-эко­номикалық бағытта профильді таңдап отыр. Павлодар – өнер­кәсіптер шоғырланған өңір. Оқу процесіне де тәжірибелі өнеркәсіп мамандарын тартып, дуальды білім беруге ерекше мән беріп отырмыз. Түлектердің жұмысқа орналасу көр­сеткіші – 89%. Жұмыс беру­ші­лер де бірлесіп жұмыс істеуге мүд­делі. ERG Service ЖШС басшысы С.Петуховпен кездескенімізде өз кадрларының да теориялық білімін шыңдауына қуанатынын жеткізді. Грант бөлу мәселесінде негізгі ұсынысым комиссия қорытын­дысы бойынша әр университеттің нәтижелері ашық жарияланса. Соны қарап, әр университет өз кем­шілігін көріп, сараптама жа­сап, тиісті жұмыстар жүргізер еді. «Атамекеннің» рейтинг қорытын­дысы сайтта жарық көреді. Ай­мақ­тық университеттер сол өңір­дің экономикасының дамуына үлес қосатын мамандар даярлауы тиіс.

Елбасы Н.Назарбаев жүргізген салиқалы саясаттың арқа­сын­да Қазақстан атты елімізді әлем таныды, әлемнің қай түк­піріне барсаң да «қазақ­стандықпын» деп мақтанышпен айта аламыз. Халықаралық білім саласында қызмет істедім, әлі есімде, жиындарда «мен бұл ел өкілінің қасында бірге отыр­май­мын, бірге мәселе талқыламаймын» деп орнынан тұрып кететін, бір-бірімен қырғиқабақ мемлекет­тердің өкілдерін де кездестірдім.

– Абитуриенттерге қандай ке­ңес бересіз? 5 жылдан соң еңбек на­ры­ғында қандай мaмандықтар, қандай кәсіби қабілеттер сұраныста болуы мүмкін? – Өзім техникалық ғылымдар саласында оқыдым, осы бағытты қолдаушымын. Нақты ғылымдар жүйелі ойлауға бейімдейтіні сөзсіз. Бүгінде IT құзыреттілік барлық салада қажет. Әркім мамандық таңдауда жүрек қалауын тыңда деген сөздерді жиі естиді. Бұл де­геніміз – адамның табиғатына біт­кен қабілеті екені сөзсіз. Ең ма­ңызды фактор осы деп білемін, сондықтан абитуриенттерге айта­рым, қабілет-қайраттарыңа сай алға қойған мақсаттарыңды ай­қын­дап, соған жеткізетін жолды таңдаған дұрыс. Өкінішке қарай, айналамда грант үшін мамандық таңдап, кейіннен қайта оқып жат­қан азаматтар жеткілікті. Жалпы, әлемде еңбек нарығының нақты сұранысына қажетті мамандар даяр­лауды болжайтын қандай да бір әдістеме жоқтың қасы. Сон­дық­тан елдегі университеттер дуаль­ды білім жүйесі арқылы жұ­мыс берушіге қажет мамандар дайындауды белсенді жүргізуі ке­рек. Жалпы, жұмыс беруші мен университет арасында өзара ын­тымақтастық болуы шарт. Әсіресе, аймақтардағы университеттер сол өңірдегі ғылыми орталыққа айна­луы тиіс. Бұл жерде университет ғалымдары сол саладағы немесе өндірістегі әлемдік озық техноло­гияларды зерделеп, кәсіпкерлерге де ұсынса, жұмыс берушілер тара­пынан да қолдау болатыны сөзсіз. Университет келешекке қажетті барлық білімді толық бермесе де, студенттердің бойында мамандық бойынша заман талаптарына сай барлық дағды мен құзыретттілікті қалыптастыруға тиіс. Ал кез келген азамат үшін бүгінде Lifelearning – «Өмір бойы оқу» өзекті, яғни заман талабына сай біліктілікті шыңдап отыру қажет. Болашақтың мамандықтарын BTS Education компаниясының басшысы Саясат Нұрбек жақсы зерттеп, қоғамға қажетті ақпаратты беріп жүр. – Қазір Білім және ғылым министрлігі сапасы талапқа сай келмеді деген жекеменшік ЖОО-ларды жабуға кірісті. «Бұл білім сапасын арттыру мақсатында жасалып жатыр» деп хабарланды. Алайда министрлік жазалаушы функциясын иеленіп кеткен жоқ па? Себебі министрліктің бір шешімінен кейін мыңдаған студент, жүздеген ұстаз далада қалды. – Білуімше, университеттерді тексеру арнайы жоспарға сай жүргізіледі. Жыл сайын жоспарға сай 30-ға жуық оқу орны тексе­ріледі. Бұқаралық ақпарат құрал­дарында 10-нан астам жекеменшік университеттің жабылғаны туралы хабар тарады. Бұдан шығатын қо­рытынды тексерудің негізгі мақса­ты аталған оқу орнын жабу емес екенін көрсетеді. Бүгінде универ­ситтетті заңсыз жапты деген нақты фактілермен уәж айтқан универ­ситет өкілін кездестірген емеспін. Солтүстік және шығыс өңірлерде көрші елдердің оқу орындары да қазақстандық студенттерге грант­тар бөліп, өз саясатын қарқынды жүргізуде. Сондықтан сапалы білім беріп отырған жекеменшік оқу орындарын қолдап, бәсеке­лес­тікті арттыру қажет. Елдің оңтүстік өңірлерінде демографиялық өсім жақсы байқалады, сондықтан «Серпін» бағдарламасымен оқи­тын студенттерді осы өңірлерге тарту жұмыстарын белсенді түрде жалғастыру қажет деп ойлаймын. – Биыл еліміздің Тәуелсізді­гі­­не – 30 жыл. Тә­уел­сіздік­тің ең бас­ты жетістігі деп нені айтар едіңіз? – Тәуелсіздік жетістіктерін тек елдегі ішкі факторлармен өлшеу қысқа ойлағандық болар. Алпауыт көршілес елдеріміз де бар екенін ұмытпағанымыз жөн. Елбасы Н.На­зарбаев жүргізген салиқалы саясаттың арқасында Қазақстан атты елімізді әлем таныды, әлемнің қай түкпіріне барсаң да «қазақ­стандықпын» деп мақтанышпен айта аламыз. Халықаралық білім саласында қызмет істедім, әлі есім­де, жиындарда «мен бұл ел өкілінің қасында бірге отыр­май­мын, бірге мәселе талқыламаймын» деп ор­нынан тұрып кететін, бір-бірімен қырғиқабақ мемлекет­тердің өкіл­дерін де кездестірдім. Ал Қазақстан атты елімізбен ын­тымақтастық орнатуға әр елдің өкілі мүдделі. Ауғанстан 1000 сту­дентін оқыту жобасы шеңберінде 4 рет Кабул қаласында болдым. Сапар шек­кенде қазақстандық дипломаттар­дың кәсіби шеберлік­теріне сеніп баратынмын және оны өз тәжі­рибемде көрдім де. БҰҰ Ауған­стан­дағы өкілдігінің елімізге көшірілуі де Президентіміз Қ.Тоқаев жүргізіп отырған сара саясаттың жемісі деп білемін. Әрине, сұхбатымыз жоға­ры білім саласында болғандықтан, осы бағыттағы жобаларды айтып өткен орынды болар. Мен үшін басты жоба – ол Елбасымыздың тә­уел­сіз­діктің алғашқы жылдары та­ға­йын­даған «Болашақ» халық­аралық стипендиясы. Әлемнің бе­делді оқу орындарында тұңғыш рет қазақ жастары білім алуға мүмкіндік алды. Бүгінде Еуро­палық жоғары білім кеңістігіндегі Болон проце­сіне 2010 жылы еліміз то­лыққан­ды мүше болып енді. Әлем уни­версит­еттерімен ын­ты­мақтастық орнатып, ғалымда­ры­мен тәжірибе алмасып, ортақ жо­балар жүргізуге толық мүмкін­дік бар. Жалпы, кез келген елдің білім жүйесін толық көшіру мақ­сат емес, әр елдің білім жүйе­сінің өзіндік ерекшеліктері бар. Бұл жерде айтпағым, білім сала­сында ғасырлық тарихы қа­лыптас­қан білім ошақтарының тәжіри­бесін саралап, тиімді тұс­тарын ала ала­мыз. Тәуелсіздіктің ең басты же­тістігі – білімді, еркін жас ұрпақ қалыптасты. Тәуелсіз­дігі­міздің тұ­ғыры биік болсын! – Сұхбатыңызға рақмет!

Әңгімелескен Әлихан ИСМАН