Атырау қаласында шағын маркет өртенді
Атырау қаласында шағын маркет өртенді
©https://ult.kz
259
оқылды

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 23 тамызда сағат 08:40-та шаһардың Әуезов көшесінде орналасқан «Муслим» шағын маркеті өртенген.

«Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер 2 қабатты шағын маркеттегі кофе қайнататын аппарат пен 4 шаршы метр болатын бөлменің жанып жатқанын анықтады. Жалынды сөндіруге 20 қызметкер мен 2 арнаулы техника жұмылдырылды. Өрт сағат 09:07-де оқшауланып, сағат 09:12-де толық сөндірілді» – деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.