Нұр-Сұлтанда 136 миллион теңгеге мұз айдыны салынбақ
Нұр-Сұлтанда 136 миллион теңгеге мұз айдыны салынбақ
©azattyq-ruhy.kz
185
оқылды

Нұр-Сұлтан қаласының Сарыарқа ауданында мұз айдыны салынып, оған 136 миллион теңге жұмсалмақ. Бұл жайында мемлекеттік сатып алу порталында жарияланған.

«Тапсырыс беруші – «Нұр-Сұлтан қаласы «Сарыарқа» ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі; атауы – эстетикалық безендіру бойынша қызмет көрсетулер; қосымша сипаттамасы – ғимараттарды, құрылыстарды, қоғамдық және басқа да орындарды қысқы кезеңге дайындау жөніндегі қызметтер; жоспарлы сомасы – 135 714 285,71» делінген лот сипаттамасында.
Өтінімдерді алдын-ала қабылдау 24 тамыз 8 қыркүйек аралығында өтеді.
Техникалық ерекшелікке сәйкес, 1,8 мың шаршы метр алаңды мұз айдынын құюға дайындау, оған ары қарай күтім жасау жұмыстары жасалуы тиіс.