Әрбір зейнеткерге 59 мың теңгеден төлеу туралы хабарлама жалған болып шықты
Әрбір зейнеткерге 59 мың теңгеден төлеу туралы хабарлама жалған болып шықты
©Айқынұлы Ж.
189
оқылды

Қазнетте "әрбір зейнеткерге 59 000 теңге мөлшерінде төлем төленуі керек.  Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев тиісті тапсырма берген" деген ақпарат кеңінен таралуда.

Бірақ бұл ақпаратты Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жоққа шығарды.

– Азаматтарға мұндай хабарламаларды алаяқтар жеке аккаунттар мен банктік шоттарды иемдену үшін пайдалануы мүмкін екенін ескертеміз. Күмәнді сілтемелер бойынша өтпеңіздер және алаяқтықтың құрбаны болмас үшін жеке мәліметтеріңізді қалдырмаңыздар. Азаматтардан фейктерге назар аудармауын және тек ресми дереккөздерден алынған ақпаратты пайдалануын сұраймыз, – деп түсіндірді ведомстводағылар.

Баршаңызды тек ресми ақпаратқа ғана сенуге шақырамыз. Жаңалықтың шынайылығын біздің порталдың көмегімен тексеруге болады. Өзіңізді қызықтырған ақпаратты t.me/stopfake_kz Telegram-арнасына немесе +7 707 739 5599 WhatsApp нөміріне жіберіңіздер.