Тоқтар Әубәкіров ауруханаға түсіп қалды
Тоқтар Әубәкіров ауруханаға түсіп қалды
Фото: sputniknews.kz
224
оқылды
Қазақстандық ғарышкер Тоқтар Әубәкіров коронавирус жұқтырып, Нұр-Сұлтан қалалық жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылды. Бұл туралы Президент істері басқармасы медициналық орталығының баспасөз қызметі хабарлады.
«Науқастың айтуынша, алты күн ауырып, «Сумамед» препаратын өз бетінше қабылдаған, медициналық көмекке ауруханаға жүгінбеген. ПІБ Медициналық орталығы ауруханасының мобильді бригадасының 23 дәрігері үйде кеуде сегментінің компьютерлік томографиясын жүргізді және талдау нәтижелері бойынша оны Нұр-Сұлтан қалалық инфекциялық орталығына емдеуге жатқызуға жіберді. Науқас ауруханаға жатудан бас тартты», – делінген хабарламада.
Науқасты тексергенде, жалпы жағдайы тұрақты, сатурация 95% көрсетіп, дене температурасы – 36,6 градус болған. Сосын одан ПТР-тест алынды. ПТР-тест нәтижесі бойынша Тоқтар Әубәкіровтің коронавирус жұқтырғаны анықталған. 24 тамызда таңертең ол Нұр-Сұлтан қалалық жұқпалы аурулар ауруханасына (орташа COVID-19) жатқызылған. Қойылған диагноз – екі жақты полисегментальды пневмония - КT-1. Баспасөз қызметі хабарлағандай, ғарышкер коронавирусқа қарсы вакцина алған. Ол вакцинаның екінші компонентін 17 сәуірде салдырған.