Ілияс Жансүгіровтің ұлы 91 жасында дүниеден озды
Ілияс Жансүгіровтің ұлы 91 жасында дүниеден озды
©voxpopuli.kz
469
оқылды

Белгілі ақын, жазушы, қазақ әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі Ілияс Жансүгіровтің ұлы Саят Жансүгіров қайтыс болды. Бұл туралы балалар жазушысы, әдебиет сыншысы, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты Елдос Тоқтарбай хабарлады. 

"Елден қаралы хабар жетті…Бүгін, Аяулы Ілияс Жансүгірұлы әкеміздің ұлы Саят ата 91 жастан асқан шағында өмірден озды. Алла марқұмды панасына алсын. Жақындары мен ұрпақтарына қайғыра көңіл айтамыз", – деп жазды ол әлеуметтік желіде.