Токиода Паралимпиада ойындары басталды

Токиода Паралимпиада ойындары басталды

Бүгін, 24 тамызда Токиода Паралимпиада ойындарының ашылу салтанаты өтті. Жарысқа 25 қазақстандық қатысады, – деп хабарлайды Olympic.kz сайты. Токиода дәстүрлі Олимпиада алауын беру эстафетасы өтті. Ашылу салтанатының тақырыбы ретінде "Біздің қанатымыз бар" ұраны таңдалды. Одан кейін Паралимпиада ойындарының ашылу салтанатына орай шеру өтті, оған 5 мың атлет қатысты.

"Паралимпиадада Қазақстан атынан спорттың жеті түрінен 25 спортшы бақ сынайды. Паратаэквондодан екі дүркін әлем чемпионы, Азияның үш дүркін чемпионы Нұрлан Домбаев пен пауэрлифтингтен өткен Паралимпиада-2016 күміс жүлдегері Раушан Қойшыбаева ту ұстаушылар атанды", – делінген хабарламада.