Айдос Ербосынұлы "Канело" Альварестің міндетті қарсыласы болуы мүмкін
Айдос Ербосынұлы "Канело" Альварестің міндетті қарсыласы болуы мүмкін
200
оқылды
Екінші орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Айдос Ербосынұлы (15-0, 10 КО) осы салмақта WBC, WBA Super және WBO белбеулерінің иегері, мексикалық Сауль "Канело" Альвареспен (56-1-2, 38 КО) жекпе-жек өткізуге мүмкіндік алуы ықтимал, деп жазады Vesti.kz порталы. Мұндай мүмкіндікке Ербосынұлы WBA ұйымы мексикалыққа белбеуін міндетті түрде қорғауы керегі туралы талап қойса ие болады. Бірақ оған дейін "Канело" қараша айында әлемнің абсолют чемпионы атану үшін IBF белбеуінің иегері Калеб Плантпен (21-0, 12 КО) кездесу өткізеді. Ал Ербосынұлы Саульге қарсы кездесуге шығу үшін Аллен Ленноксты (22-1-1, 14 КО) жеңуі қажет. Бұл кездесу 12 қыркүйек күні Нұр-Сұлтан қаласында өтеді. Аталған кездесуде WBA белбеуінің міндетті қарсыласы атағы сарапқа салынады.
"Егер WBA ұйымы "Канело" мен Плант кездесуінің жеңімпазына белбеуді міндетті түрде қорғауы керек деген талап қойса, онда қарсыласы Давид Моррелл, Федор Чудинов немесе Айдос Ербосынұлының бірі болуы мүмкін. WBC белбеуінің міндетті қарсыласы Давид Бенавидес, Ал IBF белбеуінің міндетті қарсыласы Евгений Шведенко", - деп жазады Boxing News.