Ақмоладағы сүт зауытын аралады
Ақмоладағы сүт зауытын аралады
152
оқылды

Парламент Мәжілісінің депутаты Марат Құсайынов Зеренді ауданындағы Milk project сүт зауытының жұмысымен танысты. Халық қалаулысы сүт өңдеу кәсіпорнындағы өнім көлемін ұл­ғайту үшін заманға сай технологияларды енгізу қажет екенін айтты.

Milk project сүт зауыты – мем­лекеттік қолдаудың арқасында қайта жаңғыртудан өтіп, еңбек өнім­ділігін бірнеше есеге арттыр­ған кәсіпорындардың бірі. Ол үшін серіктестік өндіріске цифрлы технологияларды енгізіп, жұмысқа білікті мамандарды тартыпты. Сүт өңдеу кешені бүгінде Ресей, Израиль, Швеция елдерінің за­манауи қондырғыларымен жаб­дық­талған. Соның арқасында соңғы 10 жыл ішінде кәсіпорын сүт өнімдерін қайта өңдеу көлемін бірнеше есеге арттырған. Бүгінде кәсіпорын жылына 20 мың тонна сүт өнімін шығарады. Бұл көрсет­кішке сүт –тауарлы ферма ашу арқылы қол жеткізген. Себебі ши­кізаттың негізгі көлемі өздерінікі болғандықтан, өндірісті жыл он екі ай тоқтатпай, бір қарқынмен жұ­мыс істеу мүмкіндігіне ие болды. Кездесу барысында Парламент Мәжілісінің депутаты Марат Құсайынов ауыл шаруашылығы саласында заманауи агротех­но­логияларды енгізбей, өнім көлемін ұлғайту мүмкін емесін атап өтті. «Қазір ауыл шаруашылығы өнімдерімен елімізді, сондай-ақ шетелде өз өнімдерімізді кеңінен бағыттау үшін агротехнологияларға баса мән беру қажет. Бұл өз кезе­гінде экспорттық әлеуетті арттыру­ға мүмкіндік береді», – деді депутат. сүт зауыты Айта кетейік, кәсіпорын өз өнімдерін Қазақстан бойынша ғана емес, Ресейдің бірнеше қала­сына да жөнелтеді. Кәсіпорын «Бизнестің Жол кар­та­сы-2020» бағдарламасы ар­қылы 300 млн теңге көлемінде қаржылай қолдау тапқан. Сонымен қатар «Қарапайым заттар эконо­ми­касы» бағдарламасының субси­диялау бағыты бойынша сүт-тауар­лы фермасын ашуға қолдау көрсеті­ліпті. Биыл фермаға сүтті сиырлар­дың алғашқы партиясы жеткізілді. Халық қалаулысы елімізде агро­­өнеркәсіптің дамуына мемле­кет та­ра­пынан қолдау әлі де көр­сетіле­тінін атады. Тек қайтарымы болу керек. Кәсіпорын басшылығы тұрақ­ты жұмыс орындарын ашу және салық төлеуде де кәсіпорын өз жауапкер­шілігін ұмытпағанын атап өтті. Бұл бағытта Milk project сүт зауыты өңір­дің алдыңғы өндіріс орындары­ның қатарында. Кә­сіпорында бү­гінде 99 адам жұмыс істейді. Ал өт­кен жылы бюджетке 200 млн теңге көлемінде салық төлеген.

Абзал АЛПЫСБАЙҰЛЫ, Ақмола облысы