Битбокстан әлем чемпионы атанды
Битбокстан әлем чемпионы атанды
261
оқылды

Орал тұрғыны 21 жастағы Эльдар Ғабдуллин битбокстан АҚШ-та өткен жарыста әлем чемпионы атанды.

Әлем чемпионатының бар­лық үш кезеңі онлайн режимде өткен. Эльдар финалға ұсынған шығармасын бірнеше рет қайта­лап жазуға мәжбүр болған. Өйт­кені оған желідегі проблемалар себеп болған. Бірақ бұл жас та­лант­қа кедергі келтірмеген екен. Осылайша, ол бірінші орын үшін  500 доллар ақшалай сыйлық пен келесі чемпионаттарда қаты­сушы­ларды бағалау мүмкіндігіне ие болды. Эльдар битбоксты  YouTube көмегімен 2015 жылдан бастап үйренген. Алғашқыда ата-анасы қарсы болған. Кейінірек бала­лары­ның өнеріне қолдау көр­сетіп, рұқсатын берген. «Менің музыкалық білімім жоқ. Бала кезімнен бір нәрсемен айналысқым келді. Бимен, вокал­мен айналыстым. Бірақ басқа дүниені қалайтынымды түсіндім. Кейін ойламаған жер­ден YouTube-тағы битбоксшылар видеосына тап болдым. Ол кезде бұл салада Қазақстанда ешкім жоқ еді. Мен осы салада бірінші болуды ойладым. Осы ой маған мотивация берді», – деген екен Эльдар сұхбатының бірінде. Қазір ол студент. Мамандығы – ағылшын тілі мұғалімі. Сон­дай-ақ ол оқу орталығында сабақ береді.

А. ЖОЛДАС