Халық қалаулылары Семейде болды
Халық қалаулылары Семейде болды
236
оқылды

Парламент Мәжілісінің депутаттары Семей қала­сында да бірқатар кездесу өткізді.

«Nur Otan» партиясы фрак­циясының мүшелері Ирина Унжакова, Әмірхан Рахымжанов пен Жанат Омарбекова партия­ның «Өзгерістер жолы: Әр аза­матқа лайықты өмір!» атты сай­лауалды бағдарламасын орындау­дың Жол картасын іске асыру мо­ниторингі шеңберінде шаһар­дағы Мұхтар Әуезов атындағы педагогикалық колледж, «Си­ликат» ЖШС, Радиациялық ме­дицина және экология ғылыми-зерттеу институты мен Восход кен­тіндегі автоматтандырылған кешеннің жұмыс барысымен та­нысты. Халық қалаулылары М.Әуезов атындағы педагоги­калық колледждің орталық жылуға қосылмауы өзекті мәселе екенін атап өтті. Семей қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруа­шылығы және тұрғын үй инс­пекциясы бөлімінің мамандары бұған «Теплокоммунэнерго» ме­кемесіне қарасты «Центр» қазан­ды­ғындағы қуат тапшылығы себеп болып отырғанын, бұл мә­селе 2022 жылы қосымша қа­зан­дық орнатылса ғана шеші­ле­тінін жеткізді.

А.ӘБІЛ, Шығыс Қазақстан облысы