Сенбі күндері қоғамдық көлік қызметіне шектеу қойылмайды
Сенбі күндері қоғамдық көлік қызметіне шектеу қойылмайды
©atpress.kz
147
оқылды

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен өткен Қазақстан аумағында коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында сенбі күндері қоғамдық көліктің қызметіне рұқсат беру туралы шешім қабылданды.

Премьер-Министрдің кешегі Үкімет отырысында берген тапсырмасы бойынша ведомствоаралық комиссия карантиндік режимді жеңілдету бойынша бірқатар шешімді мақұлдап отыр. Атап айтсақ, сенбі күні қоғамдық көлік қызметіне шектеу қойылмайтын болды. Сондай-ақ 28 тамыздан бастап Ashyq жобасына қатысатын барлық бизнес объектілерінің демалыс күндері сағат 24:00-ге дейін, Ashyq жобасының көшбасшылары – Ashyq қосымшасы арқылы расталған қызметкерлер мен келушілердің «жасыл мәртебесі» (вакцинацияланғандар, 7 күннен кем емес теріс нәтижесі бар ПТР тестінің болуы) болған жағдайда сағат 02:00-ге дейін жұмыс істей алады. Ал 30 тамыздан бастап жұмыс күндері: Ashyq жобасына қатысатын барлық бизнес объектілерінің жұмыс уақыты 22:00-ден 24:00-ге дейін, Ashyq жобасы көшбасшыларының жұмыс уақыты 24:00-ден 02:00-ге дейін ұзартылды.