Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы лауазымына Ермек Сағымбаев және орынбасары лауазымына Батырбек Байбосынов тағайындалды.
Мемлекет басшысының өкімімен Ермек Алдабергенұлы Сағымбаев ҚР Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары лауазымынан босатылып, Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы лауазымына тағайындалды. Сондай-ақ, Мемлекет басшысының өкімімен Батырбек Бердібайұлы Байбосынов ҚР Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары лауазымына тағайындалды.