Алматыда көлікке ұрлыққа түскен ер адамның әрекеті видеоға түсіп қалған
Алматыда көлікке ұрлыққа түскен ер адамның әрекеті видеоға түсіп қалған
Алматыда автокөлік ұрлығы бейнекамераға түсіп қалды, – деп хабарлайды Polisia.kz. Шаһардың бейнебақылау жүйелері 33 жастағы ер адамның қылмыстық әрекеттерін тіркеді.
– Бірнеше күн бұрын жергілікті тұрғын біздің бөлімге арызбен жүгінді. Ол түнде белгісіз біреу көлігіне терезесін сындырып кіріп, құжаттары мен жеке заттарын ұрлап кеткенін айтты. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Біз бұны күдікті жасаған жалғыз қылмыс деп ойламаймыз. Осыған байланысты жедел қызметтер оның басқа да ұрлыққа қатысы бар-жоғын тексеруде, – деді Медеу аудандық ПБ бастығының міндетін атқарушы Елнұр Құдретбаев.
https://www.youtube.com/watch?v=XCFjbG7MTmQ